Ақылды тамақ
Денсаулықты қорғаудағы нанотехнологиялар
Smart Food — «келешектің тамағы» деп те аталатын «ақылды тамақ». Ол табиғи, экологиялық тұрғыда таза ингредиенттер негізіндегі нанотехнологиялар арқылы жасалған. Өндіру барысында нанотехнологияларды қолдану аз көлемдегі пайдалы заттардың бір бөлшегін (100 нанометрден көп емес) пайдалануға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде өнім құрамына кіретін биологиялық белсенді қоспаларды сіңіру тиімділігін арттырады.
Smart Food сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне душар болуға бейім келетін мүшелерді күнделікті қорғап, жасушалардың жасаруына және ағзаның жалпы денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.
D4X
Бал сұрыптарының экслюзивті жинағы
D4X желісінің «ақылды» өнімдері бірегей, сынаудан өткен табиғи ингредиенттер негізінде жаңа технологияларды пайдалану арқылы өндіріледі. Барлық компоненттері әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең табиғи таза аймақтарынан жиналады. Өнімдердің сапасы ISO және GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
D4X өнімдері кәдімгі тағамдарды алмастырмайды, сондықтан пайдалы азықтармен мезгілді түрде тамақтануды ұмытпаңыз. Сонымен қатар D4X кешені сіздің тамақтану рационыңызға қажетті өте пайдалы қоспа болып табылады. «Ақылды тамақты» қабылдауға қатысты ешқандай шектеулер жоқ. Оларды қалағаныңызша (кәдімгі азық-түлік сияқты) қабылдауыңызға болады. D4X өнімдерін сумен, шаймен, шырынмен, сүтпен немесе йогуртпен араласып қабылдай беруіңізге болады, сонда ол тіл үйірер дәмді әрі пайдалы снекке айналады.